Қостанайлық азаматтың жоғалған 42 бас жылқысын полицейлер тауып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында полицейлер жоғалып кеткен бір үйір жылқыны иесіне қайтарды, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Денисов ауданының 45 жастағы тұрғыны 42 бас жылқысының жоғалып кеткенін айтып, полицияға арыз жазған.
Жылқыларды іздеу үшін аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Сергей Олгаренконың нұсқауы бойынша жедел-тергеу топтары құрылды. Осы факті бойынша әртүрлі нұсқалар, соның ішінде мал ұрлығы пысықталды. Ауа райының күрт нашарлауы іздеу жұмыстарын қиындатты. Дегенмен, полиция қызметкерлерінің қажырлы жұмысы нәтиже берді. Полиция майоры Руслан Куженов, жедел уәкіл, полиция капитаны Асхат Жаңабаев және ювеналды полиция учаскелік тобының полиция лейтенанты Серік Сидалинов жылқыларды тапты, - делінген полиция ақпаратында.
Осылайша, жоғалып кеткен бір үйір жылқы иесіне қайтарылды. Түлік иесі тәртіп сақшыларына алғыс айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Автомат асынған Лукашенко. Беларустегі жағдай
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы