Қостанайға көмек: Қызылорда облысы 30 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Қостанайдағы орман өртінен зардап шеккендерге қажетті азық-түлік пен тұрмыстық заттар тиелген жүк көлігі Қызылордадан да аттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме беріп.

Тобылды ен жайлаған жұртқа сырбойылықтар 30 тонна гуманитарлық көмек жөнелтіп отыр. Сыр өңірінің тұрғындары әзірге 11 тонна күріш, сол шамалас ұзаққа шыдамды тағам түрлері мен көрпе-төсек жинап берген. Облыстың барлық ауданында ашылған қабылдау бекеттеріне қызылордалықтар жылы киімдер, жеке гигиеналық заттар, тұрмыстық техника және құрылыс материалдарын әлі де әкеліп жатыр. Жылу жинауды жастардан құралған еріктілер үйлестіріп, жүкті реттестіріп жүр.

Қосанай облысында болып жатқан жағдайға бей-жай қарай алмай, өзіміздің қолымыздан келген көмегімізді беруге тырысып жатырмыз, - дейді ерікті Нұрман Әбдірасылов.

Қызылорда облысы әкімдігінің басшылық құрамы Қостанай облысында өрттен зардап шеккен азаматтарға өздерінің бір күндік жалақысын аударды. Бұл қаржы төтенше жағдай салдарын жоюға жұмсалады, - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы