Қостанайға көмек. «Қазақстан халқына» 23 млн теңге аударылды

Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мүфтияттың «Зекет және қайырымдылық» қоры «Қостанайға шұғыл көмек» қайырымдылық акциясы бойынша бірнеше күнде жиналған 23 003 415 теңгені «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына ресми түрде табыстады. Қаражатты қор директоры Болат Жәмішев қабылдап алды. Игі іске үлес қосқан барша жанға Жаратқан жар болсын! – деп жазды ҚМДБ баспасөз хатшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы