7 Мамыр 2026, 02:05
Фото: istockphoto.com
Қостанайдың орталығында болған жол апатынан бес адам зардап шекті
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатына бұрылу кезінде қарсы көлікке жол бермеу себеп болған7
Қостанай қаласының орталығында екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ Alau.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Алтынсарин мен Жеңіс көшелерінің қиылысында болған. Kia Motors пен Ravon Nexia көліктері соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, Kia көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан көлікке жол бермеген.
Зардап шеккендер медициналық көмекке жүгінген, оларға дене соққысы диагнозы қойылған. Жол апаты фактісі бойынша тексеру басталды.
- Францияда Пушкиннің сирек кітаптарын ұрлағандарға жеті жылға дейін түрме жазасы кесілді 20:55
- Қызметтік ит Астанаға кіреберісте көліктен есірткі тапты 20:18
- Жетісуда аурухананың 53 млн теңгелік тендері заң бұзушылықтарға байланысты тоқтатылды 19:49
- Иран ақпанда қаза тапқан Али Хаменеиді жерлеу күнін белгіледі 19:18
- Көкшетауда найзағай түскеннен кейін жекеменшік үй өртенді 18:49
- Астанадағы LRT-ның жеңілдік және мектеп карталарын қайдан және қалай алуға болады? 18:13
- Ресейдегі балалар лагерінде өрт шықты: 70-тен астам адам эвакуацияланды 17:50