Қостанайдағы психикалық диапансерден қашқан науқастар табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облыстық психиатриялық диспансерден қашып кеткен екі науқастың табылғанын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеше сағат 8-дер шамасында полицияның кезекші бөліміне Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығынан екі науқастың рұқсатсыз шығып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Осы дерек бойынша барлық полиция жасақтары жұмс істеді. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде бүгін сағат 09.00-де Қостанай облысының Жамбыл ауылында науқастар өзеннің жағасында отырған жерінен табылды, - деді ведомстводан.
Қостанай облысы тұрғындары арасында WhatsApp желісінде тараған екі науқастың қауіпті екені туралы ақпарат полиция тарапынан расталмады. Полицейлер бұл ақпарат жалған екенін, қашып кеткен науқастардың ешқандай қауіп төндірмейтінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы