Қостанайдағы өрттің өршуі тоқтатылды
Бүгінде Қостанай облысындағы өрттің ауданы 43 мың гектар болды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Титов Дмитрий Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.
191 үй өртеніп кетті, 2 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Бүгінде олардың барлығы өз үйлеріне оралды. Сондай-ақ өрт болған жерде бір адамның денесі табылды. Сонымен қатар өртпен күсуге ҚМ, ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардың 2 мыңнан аса адам, 211 техника жұмылдырылды, - деді Титов.
Ол атағандай, бүгін түскі сағат 3-тегі мәліметке сәйкес, өрт сөндірілді, яғни өртеніп жатқан жерлер жоқ.
Өрт сөндірілді.Қазір бықсып жатқан жерлер болуы мүмкін.Қазір өрт сөндірілгенін атап өткім келеді, - деді ол.
2 қыркүйекте Қостанай облысындағы «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ екі орман шаруашылығының аумағында өрт шықты. Олардың аумағы 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты. Бірнеше ауданның тұрғыны эвакуацияланды. Өрт салдарынан 12 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы дала өрттерін жою жұмыстарының барысын бағалады.
7 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттердің локализацияланғанын айтты.
Қыркүйектің 10-ы күні Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабы Әулиекөл ауданында ірі орман өртінің ауыздықталғанын хабарлады.