Қостанайдағы өртке қарсы қарулы күштер жұмылдырылды

Қарулы Күштер Қостанай облысындағы өртті сөндіруге жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың нұсқауы бойынша Қарулы Күштердің құрамалары мен бөлімдерінің бөлімшелері Қостанай облысындағы өртті оқшаулау жөніндегі іс-шараларға тартылды. Өрт болған жерлерге елордалық әскери-көлік авиациясынан 121-ден аса десантшы, сондай-ақ, халықты эвакуациялауға көмек көрсететін жергілікті бригаданың тұрақты құрамынан 45 әскери қызметші келді, - делінген хабарламада.

Қостанай облысына "Шығыс" өңірлік қолбасшылығынан 25 арнайы техника мен 50 әскери қызметші жіберілген. Ал "Астана" өңірлік қолбасшылығынан шамамен 10 арнайы техника жіберілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы