Қостанайдағы өртке кінәлі болуы мүмкін бірнеше күдікті анықталды - министр
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысындағы өрт бойныша тергеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты , деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Қостанай облысындағы өртке оранған аудандарға қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеушілер бірқатар лауазымды тұлғаны ұстады. Оларға айып тағылуда, - деді Төтенше жағдайлар министрі Үкімет отырысынан соң.
Еске салайық, қыркүйекте Қостанайдың Әулиекөл ауданында орман өртке оранып, салдарынан 2 091 адам эвакуацияланып, 12 тұрғын түрлі жарақат алды. Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарынан - 1841, Бағаналы және Қазанбасы елі мекендерінен 250 адам қауіпсіз жерлерге көшірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
23 қараша шахтадағы апаттың қорытындысы жарияланады – министр
Келесі жаңалық
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль иеленді
Өзгелердің жаңалығы