Қостанайдағы өрт қасақана ұйымдастырылған ба?
Қостанайдағы өрт қасақана ұйымдастырылған ба? Бұл сауалға Қостанай облыстық орман шаруашылығы инпекциясының басшысы Рүстем Қаракенов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Әртүрлі себеп болуы мүмкін. Өздеріңіз білетіндей, соңғы күндер желді болды. Бәлкім, біреулер кең көлемде өрт ұйымдастыру үшін желді ауа райын пайдалануы да ғажап емес. Тіпті өрттің себебі жерде жатқан бөтелкенін шынысынан да болады. Жердегі әйнек сынығын күн қыздырған кезде өрт тұтануы да ықтимал. Өрттің себептері әртүрлі, - деді Қостанай облыстық орман шаруашылығы инпекциясының басшысы Рүстем Қаракенов.
Еске сала кетейік, бұған дейін инспекция басшысы ормандарды қалпына келтіру үшін 5 жыл қажет екенін айтқан еді. Сондай-ақ Қостанай облысында өрт салдарынан 1936 жылы туған ер адам қаза тапқанын жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы