Қостанайдағы өрт. Орман шаруашылығының директоры не үшін сотталып жатыр?

Қостанайдың №2 сотында мыңдаған гектар орман мен тұтас бір ауылды жалмаған алапат өртке күдікті Басаман орман шаруашылығының директоры Асхат Жақашевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ,KZ сол өңірдегі тілшісі.

Ол Қазақстан Респуликасының қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалана отырыпа, ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталуда.

Мемелекеттік айыптаушы тарап 2019 жылдың аяғында орман шаруашылығы кәсіпорнының басшысы болып тағайындалған Жақашевты пайдакүнемдік мақсатты көздегендіктен Қостанай жерінде бұрын-соңды болмаған тілсіз жау тіркелді деп айыптап отыр.

Сотталушы 2019 жылғы 25 желтоқсанда Басаман орман шаруашылығы мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды. Осы сәттен бастап Жақашев өзімшіл ниетке ие бола отырып, мол ақша мен жеке пайда табу мақсатында өрт қаупі бар кезеңде орманды заңсыз кесуге арналған учаскелерді оңды-солды сатып келген. Осылайша, Жақашев жұмыс істеген уақыт ішінде оның банктағы жеке шотына 15 млн теңге қаражат түскен. Ормандарды заңсыз кесуден мемлекетке келтірілген жалпы шығын 505 текше метрді құрады. Келтірілген шығын 4 млн 324 мың 956 теңгеге тең, - деп жайып салды айыптау актісін оқыған прокурор Таңат Тасов.

Айыптау деректері бойынша, істі болып отырған орман шаруашылығы директоры Қостанайдың інжу- маржанына айналған қарағайлы қалың орманда өз үйіндей тайраңдатып түрлі ағаш кесетін жеке бригадаларға рұхсат берген көрінеді. Орман шаруашылығының бұл жымысқы әрекеті 2022 жылдың ірі орман өрттіне әкеп соқтырған.

Сонымен қатар, мемелекеттік айыптаушы бұған дейін Әулиекөл аудандық сотының 44 жастағы тракторшы Александр Рапейкоға қатысты шығарылған үкіміндегі айыптаудың негізіне алды. Прокурорлардың пікірінше, бұл екі іс бір-бірімен тығыз байланысты екен.

2022 жылдың 2 қыркүйегінде жеке ағаш кесуші істі болған Рапейкодан ағаш кесуге бөлінген жерге тракторымен вагон сүйретіп апарып тастауды өтініпті. Тракторшы жеке ағаш кесуші ұсынған ақысына келісіп, тапсырысты орындапты. Бірақ, бар гәп осы орманға кірген трокторда болып тұрған көріненді.

Тракторшы өзі мүніп жүрген техникасының мүржесінен жанармайдың жалыны шығып, ұшқынынан қурап тұрған қалың орман тілсіз жаудың қырсауында қалыпты. Өрттің тұтануы қауіпті кезеңде орман аумағына бөгде бірулерге кіруге тыйым салудың орнына мол пайданы көздеген Асхат Жақашев өрескел қателік жіберген екен.

Ал осы арада істі болып жатқан Асхат Жақашевтың сотта мүдесін қорғап жатқан адвокаттары айыптау нұсқасымен үзілді-кесілді келіспйтіндерін жеткізді. Олардың айтуынша, жоғарыда айтылған екі іс бір-бірімен мүлдем қабыспайды. Соттың бірінші күнінен бастап қорғаушы тараптан сотқа екі өтініш түсті. Онда олар Әулиекөл аудандық соты бойынша жазаға кесілген Рапейконың ісін қайтадан зерделеп, оқиға орнында соттың өрт-техникалық сараптамасын жүргізуді талап етіп отыр.

Нәтижесінде сот қорғаушы жақтың бірінші өтінішті қанағаттандырса, екіншісі туралы бірқатар сұрақтар туындады. Нәтижесінде сауал ашық түрде қалды. Келесі сот отырысында қайтадан талқыға түспек.

Біріншіден, бізде осындай сараптама жасай алатын қызмет бар ма? Екіншіден, арада біраз уақыт өткеннен кейін тың деректерді анықтау мүмкін емес деп ойлайсыз ба? Бұл өтінішті мерзімінен бұрын шеше алмаймын, әзірге ол ашық күйінде қалып отыр, – деді істі қарап жатқан судья Алтын Байжұманова.

Сотталушыға келетін болсақ, ол кінәсін мойындамады және адвокаттарын толық келісетінін жеткізді.

Атышулы орман өртіне қатысты әзірге басты күдікті ретінде танылған Асхат Жақашевтың сот процесі әлі қанша уақытқа созылатынын ешкім болжап айта алмайды. Бүгінгі сот отырысынан байқағанымыз алдағы сот барысында осы саладағы біраз былықтың беті ашылатын секілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы