15 Қыркүйек 2022 2022, 12:00

Қостанайдағы өрт. Орман шаруашылығы мекемесінің басшысы қамалды

 Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысының прокуратурасымен биылғы  13 қыркүйегінде «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан  лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы).

Сол күні мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Тергеу жалғасуда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

2 қыркүйекте Қостанай облысындағы «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ екі орман шаруашылығының аумағында өрт шықты. Олардың аумағы 4 қыркүйекте 43 мың гектардан асты. Бірнеше ауданның тұрғыны эвакуацияланды. Өрт салдарынан 12 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты. Төтенше жағдайға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге жұмыс сапарымен барып, Әулиекөл ауданындағы дала өрттерін жою жұмыстарының барысын бағалады.

7 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттердің локализацияланғанын айтты.

Қыркүйектің 10-ы күні Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел штабы Әулиекөл ауданында ірі орман өртінің ауыздықталғанын хабарлады.