Қостанайдағы өрт: 8 өрт ошағы анықталды

Бұл туралы Орман шаруашылығы комитетет төрағасының орынбасары Ерлан Құтпанбаев жағдайды айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, өңірде өрттің 8 ошағы анықталған.

Өрт қалыпты. Артық жерлерге шарпыған жоқ. Бүгін түнде  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Аманғалиұлы келді. Ведомства басшысы Төтенше жағдай министрімен бірге бүкіл өрт болған жерлерге әуеден бақылау жүргізді. Қазіргі уақытта ашық және жоғары өрт қаупі жоқ. Қазіргі уақытта қосымша күштер келіп жатыр, - деді Ерлан Құтпанбаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы