Қостанайдағы әскери бөлім сарбаздары толық таңдауын жасады
Бүгін еліміздің барлық жерінде тұрғындар өз таңдауын жасап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.
Солардың қатарында Қостанай қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінің жеке құрамы өздерінің сайлау учаскесінде дауыс берді.
Әскери бөлім таңғы сағат 06.00-ден бастап әр санаттағы Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасады.
Жалпы Ұлттық Ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ғана емес, офицерлер мен сержанттары, аймақтық номері 13 учаскесінде дауыс берді.
Ел тарихында өзгеше әдіспен өтіп жатқан сайлауда бөліміміздің жеке құрамы бір адамдай ат салысып жатыр. Біз еліміздің қорғанысына жауапты болсақ та, науқаннан тыс қалмай, маңызды іс-шарада үлесімізді қостық. Осы орайда, барша қазақстандықтармен біргеміз, - дейді бөлім командирі полковник Талғат Әбдіров.
Айта кетейік, ел аумағында барша ҚР Ұлттық Ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері таңмен таласа тұрып, барша жерлестермен бірлесе дауыс берді.