Қостанайда жөндеу жұмыстары кезінде адам қаңқасы табылды

Қостанайлық полицейлерлер коммуналдық қызметкерлер тапқан адамның бас сүйегін анықтап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 шілде сағат 14:30-да "ҚЖЭК" МКК жұмысшылары Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстырып жатып жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінен адам қаңқасын тауып алады. Осыдан кейін ол ПД қызметкерлеріне хабарласады.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, - дейді полицейлер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы