Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
ТЖМ қызметкерлері Қостанай облысында екі күндік іздестіруден кейін далада әйелді құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Жангелдин ауданында 2000 жылы туған әйелді іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. Ол 8 қаңтар күні кешке үйінен белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Жоғалған адамды құтқарушылар даладан тауып алды.
Құтқарушылар оны Трэкол автокөлігіне отырғызып, ыстық шай беріп, содан сол ол жылынып алды. Құтқарылған әйел жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылып, Торғай ауылының ауруханасына жеткізілді, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Іздестіруге құтқарушылар, полиция, ЖАО күштері, сондай-ақ кинологиялық жасақтар тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Келесі жаңалық
Жетісу облысында жоғалған тұрғын табылды
Өзгелердің жаңалығы