Қостанайда үй өртеніп, бір адам қаза тапты
20 ақпанда Қостанай облысы Антоновка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өрт 30 ш.м. аумақты шарпыған.
Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 л екі газ балонын алып шықты.
Сондай-ақ 1978 жылы туған ер адамның денесін тапты. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Есірткіге тәуелді адамдардың саны белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы