Қостанайда тұрмыстық химия сақталған қойма өртенді

Қостанай қаласында сағат 13:31-де ұйым аумағында құрылыс материалдары мен тұрмыстық химиясы бар қойма өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрттің ауданы анықталуда. 

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы