Қостанайда төрт елді мекеннен еріген қар суы шығарылды
Қазіргі уақытта облыста жағдай тұрақталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өткен түні Қостанай облысының ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштерімен еріген қар суын толық көлемде шығару жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, Саяжай төрт елді мекендерінде 12 жеке тұрғын үй мен 20 аула аумағынан су шығарылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Өңірде мониторинг және су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бала құқығы бұзылса, қайда хабарласуға болады?
Өзгелердің жаңалығы