Қостанайда техникалық қызмет көрсету станциясындағы өрттен екі адам зардап шекті

Қостанайлық өрт сөндірушілер 2 қабатты ғимараттағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай қаласында, Қайырбеков көшесі, 455 мекен-жайы бойынша 290 шаршы метр алаңда техникалық қызмет көрсету станциясы өртеніп жатыр. Өрт сөндірушілер көлемі 27 литр 5 газ баллонын шығарды, - деп жазылған Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 40-қа жуық адамы және 12 техникасы жұмыс істеп жатыр. Өрт сағат 21-11-де оқшауланды.

Жедел жәрдем екі зардап шеккен адамды өрт болған жерден алып кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы