Қостанайда такси жүргізушісі мен досы жолаушыға шабуыл жасады

Қостанайда такси жүргізушісі мен досы жолаушыға шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға түнде қаланың шағын аудандарының бірінде болды. Екі бейтаныс жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, 650 мың теңге тұратын телефонды ашық түрде ұрлап кеткен. Белгілі болғандай, ойын-сауық мекемесінде демалып жүрген жәбірленуші таксиге қоңырау шалған. 

Жүргізуші досымен бірге келіп, сапар барысында жолаушылар арасында жанжал болған. Нәтижесінде такси жүргізушісі мен оның досы жәбірленушіні ұрып-соғып, смартфонды қолды қылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаскүнемдерді, 19 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтады. 

Олар ұрланған телефонды қосалқы бөлшектерге бөліп, 100 мың теңгеге сатып жіберген. Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сондай-ақ олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы