Қостанайда синтетикалық есірткі таратқан полиция қызметкері ұсталды
Қостанайда синтетикалық есірткі таратқан полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
5 мамырда Қостанай облысы бойынша ҰҚКД және Қостанай облысы ПД ӨҚБ қызметкерлерінің бірлескен операциясының нәтижесінде Қостанай қаласында синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды.
Қазір осы дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлімінде көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Өзгелердің жаңалығы