Қостанайда сарбаздардың «Ашық есік» күні өтті

Қостанайдағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінде әскердің беделін арттыру, әскери қызметті насихаттау мақсатында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZтілшісі.

Еліміздің айбыны мен мызғымас қорғанын айқындайтын бір сала болса, ол қуатты армия мен білікті сарбаздар екені жасырын емес. Бұл ұстаным жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің мызғымас бір бөлігіне айналуы керек. Осы орайда, жастарды әскери патриоттық тәрбие мен осы қызметке даярлау бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі.

Сондықтанда болар, бұл «Ашық есік» күніне Қостанай қаласындағы білім ордаларының оқушылары қатысып, әскери өмірдің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысуға зор мүмкіндік алды.

Бұл бастама біздің әскери бөлім үшін маңызы зор. Себебі біз болашақ Отан қорғаушыларға әскери өмірдің қыр- сырын білу мақсатында жан- жақты ақпарат беруді көздеп отырмыз. Өз Отанының тыныштығын көзінің қарашығындай қорғау әрбіреуіміздің қасиетті борышымыз екені нақты түсіндірілді. Болашақ сарбаздарға әскер қару мен техникалар көрсетіліп, әскери казармаларда шағын сабақтар ұйымдастырып жатырмыз. Оның сыртында қаладағы әрбір оқу орындарында біздің маман сарбаздар ерлік сабақтарына өткізіп жатыр, - дейді тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлімшесінің бастығы майор Данияр Нұрғожаев.

Әскери өмірдің бір күндік өмірі мен жаттығу кезіндегі сарбаздардың бойындағы ширақтықты, ер жүректілікті өз көзімен көрген болашақ ел қорғаушылардың қызығушылығын оятты. Алған әсерлерін жасырмады.

«Ашық есік» соңында оқушылар Ұлттық ұлан қызметі жайлы деректі фильмі тамашалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы