Қостанайда ҚХА белсенділері су тасқынымен күресіп жатқан халыққа көмекке келді

Қостанай облысы ҚХА этномәдени бірлестігі су тасқынымен күресіп жатқан Амангелді ауданының тұрғындарына бірінші болып көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірлестік белсенділері, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ-ның қызметкерлері қысқа мерзім ішінде ақша алымын ұйымдастырды.

Олар еріктілер үшін 110 мың теңгеден асатын сомаға 1000 қап, 500 қолғап, күрек сатып алды. Құралдар сол күні Амангелді ауданына жіберілді.

ҚХА мүшелері халыққа қол ұшын созып, күрделі жағдайға түскен жерлестеріне қажетті көмек ұсынуға қашан да дайын. Достық үйінде табиғи апатпен күрес үшін қажетті заттар, сондай-ақ азық-түлік жинау жалғасып жатыр. Қар суымен күресуге облыстың еріктілерімен қатар, ХҚА еріктілері де қатысуда. Олар әкелген қолғаптарды, құралдарды таратып, тамақтануды ұйымдастыруда. Үйлерді қардан тазартуға, үй-жайларға құм төсеуге көмектесуде.

Сондай-ақ ТЖ орын алған жерде «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Айбек Таңатбаев та бел шешіп жұмыс істеуде. Ол еріктілердің жұмысы мен су тасқынына қарсы барлық іс-шараны жариялауды мойнына алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қостанай облыстық ҚХА этномәдени бірлестігі
Өзгелердің жаңалығы