Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады

Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оны жергілікті тұрғын екі бөлмелі пәтерде ұйымдастырған. Тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркіледі. Мұнда арнайы жабдықтар да болды: жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары. Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері екі ер адамды ұстады. 

Фитозертхана құрамында есірткі заттары бар қарасора өсіруге арналған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті басқарма бастығы Нұржан Ахметов. 

Адамдардың өзге де қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады. Қарасора өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы