Бүгiн 2026, 07:49 Фото: BAQ.KZ архиві

Қостанайда пәтер өртеніп, 4 адам эвакуацияланды

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Бүгін Қостанай қаласындағы Пушкин көшесінде орналасқан төрт қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрттің аумағы шамамен 25 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, тілсіз жауды қысқа уақытта ауыздықтады.

Құтқару жұмыстары барысында өрт сөндірушілер 4 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.