Қостанайда өртенген қару-жарақ дүкені директоры елордаға жеткізілді
Қостанайда өрттен зардап шеккен «Оружейная палата» қару-жарақ дүкені директоры санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтанға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Костанайские новости» басылымына сілтеме беріп.
Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, санитарлық авиация желісі арқылы дүкендегі өрттен зардап шеккен ер адам Нұр-Сұлтандағы көпбейінді ауруханалардың біріне жеткізілген.
Дүкен директорының жағдайы тұрақты ауыр екені атап өтілді. Денесінің 50 пайызын күйік шалған науқасты емдеу жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы