Қостанайда медицина саласының басшылары ұсталды
Қостанай облысында миллиардтаған қаражатты жымқыру фактілері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қостанай облысының прокуратурасымен облыстың өзге құқық қорғау және уәкілетті органдарымен бірлесіп медициналық құрылғыларды сатып алу саласындағы сыбайлас-жемқорлық схемасы анықталды.
Медициналық ұйымдармен қажеттілігі төмен құрылғыларды қымбатырақ бағаға сатып алу фактілері әшкереленді. Келтірілген шығынның сомасы 2 млрд теңгеден асты. Аталған фактілер бойынша Қостанай облысы прокуратура органдарымен қылмыстық істер тіркелді. Тергеу шеңберінде «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ның бұрынғы басшысы мен қызмет атқарып жатқан орынбасары, аудан ауруханасының бас дәрігері және құрылғыларды ұсынған өнім беруші ұсталды. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодексінің 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Тергеу жалғасуда.