Қостанайда көпқабатты 5 баспананың құрылысы тоқтатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда көпқабатты 5 баспананың құрылысы бір айға тоқтатылды, деп хабарлайды Atameken Business.
Прокуратура мердігер компанияны сәулет-құрылыс заңнамасын бұзды деп айыптады. Олар жобалау-сметалық құжатына сараптама жасатпай, іске кірісіп кеткен. Техникалық-авторлық қадағалау да жасалмаған. Құжаттарынан шикілік табылған компанияларға 612 мың теңге айыппұл салынды.
Сондай-ақ тағы 2 құрылыс ұйымы үлескерлерден заңсыз ақша жинаған. Компания тұрғын үйдің қазығын қақпай жатып, пәтерлердің барлығын сатып жіберген. Бұл компанияға қанша үлескер қаржы салғаны әзірге белгісіз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы