Қостанайда халықаралық ІТ-мектеп ашылды

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жобаның жүзеге асуына ҚР Цифрлық даму министрлігі мен Қостанай облысы әкімдігі қолдау білдірген. 

Жаңа мектеп облыс орталығындағы жоғары оқу орны базасында ашылып отыр.

Білім ошағында қолға алынатын халықаралық бағдарламамен жастар оффлайн әрі онлайн да оқытылады. 

Бұл сала дүние жүзінде көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатыр. Сол көштен қалмау маңызды. Бізде ІТ саласын білетін мамандар да тапшы. Мемлекет басшысы Жолдауында 2025 жылға қарай 100 мың жоғары білікті IT маманды даярлау туралы міндет жүктеген еді. Облыста осы жылы – 135, 2025 жылға дейін 500-ден артық кадр даярлап шығару жоспарымыз бар, – дейді облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Қашиев. 

Халықаралық ІТ-мектепте студенттер цифрландыру саласындағы заманауи мамандықтарды меңгереді. Алдымен Python тілі арқылы бағдарламалау тәсілдері үйретілмек. Осыдан соң сайттарды әзірлеуді, қолданбалар жасап шығаруды, тағы басқа да бағдарламаларды игертеді. 

ІТ-мектепті бітірген балаға халықаралық сертификат (диплом) беріледі. Олар базадағы бағдарламаны 18 апта ішінде толық меңгеріп шығуы тиіс. 

Білім басқармасының баспасөз хатшысы Анна Лазареваның айтуынша, оқу ошағының жұмысы мамыр айының басында басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы