Қостанайда еш себепсіз әйелге шабуыл жасаған ер адам ұсталды
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары күдіктінің психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғанын анықтады.
Қостанай қаласында ер адам көшеде кетіп бара жатқан әйелге себепсіз шабуыл жасаған. Оқиға бойынша күдікті ұсталып, арнайы медициналық мекемеге орналастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция мәліметінше, ер адам ешқандай себепсіз өтіп бара жатқан бейтаныс әйелді кенеттен ұрып жіберген. Зардап шеккен әйелге медициналық көмек көрсетілді. Оның алған жарақатының ауырлығы әзірге нақтыланбаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құқық қорғау органдары күдіктінің психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғанын анықтады.
Күдікті полиция қызметкерлерімен ұсталды. Ол арнайы медициналық мекемеге орналастырылды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – деді Қостанай облысы ПД дознавателі Алишер Күшекбаев.