Қостанайда ерекше фестиваль өтті

Қостанайда ерекше балалардың өнерін қолдауға бағытталған «Біз – біргеміз!» атты өнер фестивалі өтті, деп хабарлайды Қостанай облысындағы  BAQ.KZ  тілшісі

Аталмыш өнер мерекесі Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық «Аналар кеңесінің» ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. Қамкөңіл бүлдіршіндердің басын біріктірген фестиваль ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мақсатындағы үшінші онкүндік аясында өтті.

Байқауға қатысушылар «Өнерлі жас», «Жас блогер», «Жас дарынды әнші», «Жас биші», «Көркемсөз оқу шебері» және «Жас спортшы» деп аталатын алты номинация бойынша сынға түсіп, өнерлерін ортаға салды. Нәтижесінде 20 өнерлі жеткіншек фестивалдің бағалы сыйлықтарымен марапатталып, жеңімпаз деп танылды.

Жас чемпиондар, халықаралық және республикалық турнирлер мен конкурстардың жеңімпаздары, түрлі фестивальдердің дипломанттары облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.

Балаларға көрермендер залындағы ата-аналары, достары мен сыныптастары зор қошемет-қолдау көрсетті. «Біз-біргеміз!» фестивалінің басты мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өзіне деген сенімділіктерін арттыру болды. Бұл мақсатқа қол жеткізілді деп айта аламыз,- деді  «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз хатшысы Дарья Щербакова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы