Қостанайда ер адам бұрынғы әйелін мылтықпен атып өлтірді
Ол Қостанайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалында қызмет атқаратын қауіпсіздік қызметкері.
Қостанайда қауіпсіздік қызметкері бұрынғы әйелін аңшылық мылтықпен атып өлтірді. Күдікті полицияға өз еркімен келіп, қылмысын мойындаған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Анықталғандай, ол Қостанайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалында қызмет атқаратын қауіпсіздік қызметкері.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті полицияға өз еркімен келіп, кінәсін мойындаған. Оның айтуынша, қылмыс тұрмыстық жанжал кезінде жасалған. Ер адам экс-жұбайының басына аңшылық мылтықпен оқ атқан.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қостанай қаласының 37 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті – марқұмның бұрынғы жұбайы. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, әйел оқ жарақатынан көз жұмған. Күдіктіге тиесілі тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ведомство.