Қостанайда элеватор өртеніп жатыр

Қостанай облысында элеватор аумағында өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін сағат 13:10-да «112»-ге элеватордың аумағында өрт шыққаны туралы қоңырау келіп түсті. Күнбағыс тұқымы бар кептіргіштің жанып жатқаны анықталды.

Өртті сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамының 40 адамы және 13 техникасы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы