Қостанайда бюджет қаржысын жымқыру бойынша қылмыстық іс аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облыстық департаменті «Агропром Тrade 2030» ЖШС лауазымды тұлғаларына және Қостанай облысының бірқатар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қатысты субсидиялар түріндегі бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс аяқталды.
Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2021 жылғы ақпанда «Агропром Тrade 2030» ЖШС директоры Қостанай облысының АШТӨ басшыларымен және лауазымды тұлғаларымен субсидияланатын картоп тұқымдарын сатып алу - сату шарттарын жасасты, кейін көрсетілген шарттар негізінде Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына «Агропром Тrade 2030» ЖШС-не картоп тұқымын сатып алу кезіндегі шығындарды өтеуге тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтінімдері берілді.
Жүргізілген жедел – іздестіру іс-шаралары барысында іс жүзінде АШТӨ деректері «Агропром Тrade 2030» ЖШС-нен картоп тұқымын ешқашан сатып алмағаны және өсірумен айналыспағаны анықталды, сонымен қатар кейбір ЖШС жұмыс істемейтін шаруашылықтар болып, ал ШҚ тек бидай жинаумен айналысқан.
Өз ЭЦҚ ұсынғаны және сатып алу-сату шарттарын бекіткені үшін айыпталушылар АШТӨ-ге түрлі сомада сыйақы беруге уәде берген, бірақ субсидияларды алғаннан кейін 1,5 млн.теңге сомасындағы сыйақыны тек бір ШҚ басшысы алған.
Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша, 2021 жылғы маусым – шілде кезеңінде мемлекетке 96 млн.теңге мөлшерінде келтірілген жалпы анықталған залалмен 5 қылмыстық іс қозғалды.
Сотпен «Агропром Тrade 2030» ЖШС директоры қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауда кінәлі деп танылып, ол үшін алты жыл мерзімге коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық-жауапты және басшы лауазымдарды атқаруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде тағайындалды.