Қостанайда бір айда 120-дан астам жол қозғалысы ережесі бұзылған

Қостанай облысында бір айдың ішінде 120-дан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Өңірде «Қорғаудың» арқасында 6 сәуірден бастап 120-дан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Олардың ішінде 14 жүргізуші басқару құқығынан айырылды, 15 жүргізушіде сақтандыру полисі жоқ, 5 бұзушыдан төленбеген әкімшілік айыппұлдар анықталды.

Сонымен қатар мамандандырылған айыппұл тұрағына 40-тан астам автокөлік қамауға алынды, олардың жүргізушілері жол ережесін өрескел бұзды, - деп атап өтті министрлік өкілі.

Айтуынша, «Қорғау» жүйесі жолдардағы трафикті қадағалаудың тиімділігін арттырады және полицейлерге құқық бұзушыларды анықтауға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Мұнда ІІМ өкіліне «Ekin Patrol» жүйесінің жұмысы көрсетілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы