Қостанайда балалардың дамуын түзеу орталығының тәрбиешілері тергеуге алынды
Қостанай қаласындағы балалардың дамуын түзеу орталығының тәрбиешілері тергеуге алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде орталықтың ішінде түсірілген видео тарады. Онда тәрбиешілер ұйықтағысы келмей жатқан балаларды ұрып-соққаны көрінеді.
Полиция видеоның негізінде Қылмыстық кодекстің 140-бабы "кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, оларға қатыгездікпен қарау фактісі" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Айта кететіні, бұл бапта белгілі лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 160 АЕК-ке (629 120 теңге - 2025 жылда) дейiн айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада Шыңғыс Айтматов көшесі бір аптаға жартылай жабылады
Өзгелердің жаңалығы