Қостанайда балабақшада бүлдіршінді ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

Тәрбиешінің орындықты алып келе жатқан баланы ұрып жіберіп, кейіннен оны жұлқып орнына отырғызған сәті бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Костанайские новости" басылымының мәліметінше, болған оқиғаға қатысты өңірлік білім беру басқармасы мәлімдеме жасады.

Өкінішке қарай, мұндай жағдай шынымен де болды. Қазіргі уақытта тәрбиеші арнайы баппен жұмыстан шығарылды. Іс құқықтық алаңда қаралады, – деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы