Қостанайда автобус әйелді қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда қоғамдық көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарланды alau.kz сайтында. 

Облыстық полиция баспасөз қызметінің өкілдері 6 қыркүйекте болған оқиға туралы айтып берді.

Шамамен 20:50-де Қобыланды батыр даңғылының бойында маршруттық автобус 54 жастағы әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйелді дереу ауруханаға жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған. 

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы