Қостанайда алкоголь өнімдерін дайындайтын жасырын цех табылды – ҚМА
Қаржы мониторингі агентігінің Қостанай облысы бойынша департаменті 7 млн теңгеден астам сомаға алкоголь өнімдерін өндіру бойынша жасырын цехтың қызметін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Агентіктің баспаөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, тінту барысында дайын арақ өнімдері, 6 мыңнан астам бөтелке, 200 литр спирт, қақпақтар, шлангілер, спирт өлшегіштер және т.б. анықталып, тәркіленді.
Тергеу жалғасуда, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды,-делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы