22 Ақпан 2024 2024, 17:37
Фото: pixabay.com
Қостанайда 50-ден аса тәжікстандық жолда қалып қойған
Қостанайлық жолшылар 55 шетел азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанайлық жолшылар 55 шетел азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық маңызы бар М-36 "Екатеринбург - Алматы" автожолындағы Қарабалық ауылының маңында бүгін қатты аяз салдарынан Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған автобустың жанар-жағармайы қатып қалды.
Жолшылар тез арада автобусты жақын маңдағы кемпингке сүйреп апарып, жылытып, көлікті оталдырып берді. Автобус ішінде 55 адам болған, оның 6-ы бала. Зардап шеккендер жоқ, жолаушылар медициналық қызметті де қажет етпеді. Автобус өз бағыты бойынша жолға аттанды, - делінген хабарламада.