Қостанайда 5 жасар бүлдіршін іздестірілуде
Қостанай облысында Мадина Ерланқызы есімді бүлдіршін кешеден бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол небәрі бес жаста. Кеше сағат таңғы 5:00 шамасында үйден шығып кеткен. Анасының айтуынша, Мадина үлкен әпкелерінің қарауында болған. Белгілі болғандай бүлдіршін үйінің терезесінен шығып кеткен. Қыздың үстінде нақты киімі жоқ. Мадина мүлдем сөйлей алмайды.
Бір сағат бұрын іздеуден келдім. Біз бүкіл аудан, ауыл тұрғындары іздеуге кірістік. Қостанай полиция басқармасының жеке құрамы мен еріктілер іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта баланың қайда кеткенін анықтау үшін барлық қажетті шаралар жүргізілуде. Бүкіл ауыл қарап жатыр, полиция, тіпті кинологтар. Іздеуге квадроцикл мінген адамдар да қосылды,- делінге @Kostanay_news қоғамдық сайтындағы іздеуге қатысушы ерікті.