Қостанайда 5-сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден балаларды алып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бала терезеден үйге кіріп, төрт баланы бірінен соң бірін алып шыққан.
Жеке үйден өрт шыққаны туралы қоңырау 25 желтоқсан күні сағат 11:36-да түсткен, деп хабарлайды Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілер келгенше жалын шатыр мен бөлмелердің ішіне жайылған. Үйде алты адам тұрады, ішінде ешкім болмаған.
Кейін анықталғандай, бесінші сынып оқушысы далада ойнап жүріп, қою қара түтінді байқап, сол үйдегі төрт баланы алып шыққан екен.
Құтқарылған баланың үлкені 7 жаста болса, кішісі 2 жаста.
Ер бала өрт сөндірушілердің келуін күтпей, үйге терезе арқылы кіріп, барлық баланы аман алып қалған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт кезінде үйде ата-анасы болмаған. Олар пешті жағып, дүкенге кетіп қалған.
Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, көрші саяжайларға таралып кетуінің алдын алған. Болжам бойынша, өрттің шығуына пештің дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.