Қостанайда 320 балаға арналған жаңа мектеп ашылды

Аталмыш жаңа білім ордасы Қарабалық ауданының орталығында  орналасқан деп хабарлайды  Қостанайдағы BAQ.KZ  тілшісі.

Қарабалық ауылында жаңадан салынған 320 оқушыға арналған мектепке қазақтың бір туар тұлғаларының бірі Мұхамеджан Сералин аты беріліп отыр. Білім ордасы тазаа мемлекеттік тілде білім бермек.

Ең заманауи талаптарға жауап беретін мектептің құрылысына шамамен 1,6 млрд теңге жұмсалды. Жаңа мектептің ашылуы балалар үшін де, педагогтар мен ата-аналар, жалпы ауыл тұрғындары үшін де көптен күткен қуаныш, - деп атап өтті білім ордасының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. 

Мектепте  жас ұрпаққа сапалы білім беру  үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалған. Атап айтар болсақ, интерактивті жабдықтары бар кабинеттер, екі компьютерлік сыныптар, ыңғайлы шеберхана, заманауи жаңғыртылған кітапхана, толық жабдықталған асхана және спорт залы бар.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес жеке орындарқарастырылған. Енді мұнда бір күнде  40 бүлдіршінге арнап жабдықталған шағын орталық ашылды.

Облыста мектептерді жаңғырту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту жалғасуда. Биыл ауыл мектептерінің автобус паркі 30 жаңа автобуспен толықты. Оның ішінде Қарабалық ауданының мектептеріне 5 жаңа автобус беріледі, - деп атап өтті облыс әкімі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы