Қостанайда 200 тонна ұн тиелген тепловоз өртенді
ТЖМ құтқарушылары тепловоздың жануын жедел сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 112 кезекші пультіне Қостанай қаласының Киевская көшесінде орналасқан ұн өндіретін кәсіпорынның аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына дереу өрт сөндіру жасақтары жеткен кезде металл ангарда дизель отынды тепловоз жанып жатты. Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрттің көршілес қоймаларға таралуына жол берілмей, өртті тез арада оқшаулап, жою мүмкін болды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттердің нәтижесінде оттан 200 тоннадан астам ұн құтқарылды, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада LRT құрылысы қашан аяқталады
Келесі жаңалық
Гүл сатып алу үшін 61 млн доллар жұмсалды
Өзгелердің жаңалығы