Бүгiн 2026, 18:52 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қостанайда 123 млн теңге зиян келтірген құрылыс алаяғы түрмеден босатылды

Қостанайда «Bolashak Construction Company KZ» ЖШС директоры Уалихан Нысанов алаяқтық фактісі бойынша сотталды.

Қостанайда «Bolashak Construction Company KZ» ЖШС директоры Уалихан Нысанов алаяқтық әрекеттері үшін сотталды. 2022-2024 жылдары Нысанов өз атынан екі компания арқылы көппәтерлі «Семья» тұрғын үй кешенінің құрылысында үлеске қатысуға арналған заңсыз алдын ала сатып алу-сату келісімдерін жасаған, деп хабарлайды BAQ.KZ

Нысановтың әрекеті нәтижесінде 28 адамға 123 млн теңгеден астам материалдық зиян келтірілген. Алайда сот процесінде ол кінәсін толық мойындап, зиянды да толық өтеді. Сондықтан сот оның түрмеге қамалуын алмады.

Жәбірленуші тараптар талап арыздарын қайтарып, қатаң жазаны сұрамаған. Қылмыскерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу қаупі төніп тұрды.

Сот Нысановтың кінәсін мойындауы, шынайы өкінуі, зиянды өз еркімен өтеуі және кәмелетке толмаған балаларының бар екенін жеңілдететін жағдайлар ретінде қарастырды.

Жеке тұлғалық ерекшеліктері, қылмыстың қоғамдық қауіптілігі және жеңілдететін жағдайларды ескере отырып, сот Нысановқа 6 жыл 8 ай мерзімге жаза тағайындады, сондай-ақ құрылыс саласындағы коммерциялық ұйымдарда жетекші қызмет атқаруға 5 жыл бойы тыйым салынды. Алайда Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия заңы негізінде негізгі жазаның мерзімі 5 жыл 4 айға шартты түрде қысқартылды, - деп мәлімдеді Қостанай облыстық соты.