Қостанайда 12 жастағы баланы автобус қағып кетті

Қостанай қаласында 12 жастағы қыз баланы автобус қағып, мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай Абай даңғылында орын алған. 

Көлік қаққан бала оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабында қарастырылған «Жолда жүру ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Жүргізушінің тұлғасы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Тәртіп сақшылары азаматтарға жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы