9 Сәуір 2024 2024, 11:12
Фото: скриншот
Қостанайда 116 бала Ми-8 тікұшағымен қауіпсіз аймаққа көшірді
Қостанай облысында гуманитарлық көмектің 6 тоннасы қажетті аймақтарға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысында гуманитарлық көмектің 6 тоннасы қажетті аймақтарға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әуе қорғанысы күштері әскери институтының ұшқыштары Қостанай облысының Торғай, Аралбай, Ақкөл, А. Байтұрсынұлы елді мекендерінде эвакуациялау және гуманитарлық көмек жеткізу шараларына көмектесуде. Ми-8 тікұшағымен 200-ге жуық адамды, соның ішінде 116 баланы қауіпсіз аймаққа көшірді. Гуманитарлық көмектің 6 тоннасы қажетті аймақтарға жеткізілді, - делінген хабарламада.