Қостанай жолдарында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында соңғы тәулікте 175 адам құтқарылып, екі науқас эвакуацияланды. Бұл туралы Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне хабарлады.

ТЖД бөлімшелері Қарасу, Амангелді және Жітіқара аудандарының аумағында, сондай-ақ Арқалық қаласының маңында 6 құтқару операциясына қатысты. 

26 наурыз күнгі сағат 14:02-де Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жалғыстал ауылынан 25 шақырым жердегі қыстақтан науқасты Арқалық қаласының ауруханасына апарды. Шаруа қожалығында жұмыс істеген 1967 жылғы ер адам шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болды, - деп түсіндірді ведомстводан.  

Сол күні құтқарушылар иығынан жарақат алған 2006 жылғы баланы тасымалдау үшін Қостанайдан Қарасу ауданы, Теректі ауылына аттанды. Сағат 17:05-те науқас бала Октябрьский кентіндегі ауруханаға жеткізілді.

Түстен кейін құтқарушылар Арқалық-Державинск тас жолында тұрып қалған 99 азамат, оның ішінде 20 балаға көмек көрсету үшін дер кезінде жетті. Оларды жақын маңдағы елді мекендерге апарды. Фурманово ауылында 50 адам жылыту пункті – жергілікті мектепке және туыстарының үйлеріне, қалған 49-ы Арқалық қаласына орналастырылды, - деп баяндады ведомстводан.

Сондай-ақ сағат 19:40-та Қостанай-Жолдама тас жолындағы Дәмді ауылының маңында қар құрсауынан 14 адам құтқарылып, Үштоғай ауылына жеткізілді, оның ішінде 3 бала болған. Кейінірек құтқарушылар Арқалық-Амантоғай тас жолының Мирное ауылы маңындағы учаскесінде қар құрсауында қалған адамдарға көмек көрсетуге шықты. Құтқарылған 57 адам 21:25-те Арқалық қаласына жеткізілді.

Бес жолаушы мінген жеңіл көлік Жітіқара қаласынан 70 шақырым жерде облыстық Жітіқара-Мұқтыкөл жолында тұрып қалды. Сағат 23:00-де ТЖД қызметкерлері көлікті сүйреп жолдың тазартылған бөлігіне шығарды, содан кейін құтқарылған азаматтар қозғалысын әрі қарай жалғастыра алды, - деп түсіндірді департаменттен. 

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығынан жолда қалып қойған азаматтарды уақытша орналастыру үшін 255 төсек орны бар 9 жылу пунктін дайындады.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы