15 Қараша 2026, 08:07
Фото: istockphoto.com
Қостанай тұрғынынан синтетикалық психотроптық зат салынған 30 орама тәркіленді
Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген орамалардың ішінен жалпы салмағы 7 грамм болатын синтетикалық психотроптық зат анықталған.
Қостанай облысында полицейлер 38 жастағы ер адамнан синтетикалық психотроптық зат салынған 30 орама тәркіледі.
Полицияның мәліметінше, тыйым салынған заттар Федоровка ауылының тұрғынынан табылған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген орамалардың ішінен жалпы салмағы 7 грамм болатын синтетикалық психотроптық зат анықталған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.