Қостанай қаласына елік кіріп кеткен
Қостанайлық полиция қызметкерлері қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19 наурыз күні қала тұрғынынан 102-ге қоңырау келіп түсті. Ол Карбышев көшесінде орналасқан "Шыны орталығының" жанында еліктің жүгіріп жүргенін хабарлады. Ол жерге Айдарбек Садыров пен Жаслан Тоқтаровтың құрамында автопатруль барды.
Мекенжай бойынша келген кезде біз қоршауда тұрып қалған елікті көрдік. Бұл үркитін жануар болғандықтан, біз оны ақырын шығарып, артқы аяқтарын байлап, қызметтік көлікке салдық. Содан кейін оны Алтынсарин ауданындағы табиғи мекен ететін ортасына жібердік. Жануар жарақат алған жоқ, - деді тәртіп сақшылары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мәдениет министрі әлемнің 7-ракеткасын жеңісімен құттықтады
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы